Түркияда жер сілкінісінен тұтас аудан қирап қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Milliyet басылымының мәліметінше, Түркияның Балыкесир провинциясындағы Сындыргы қаласында жер сілкінісінен тұтас бір аудан қирап қалған.
Қала мэрі Серкан Сактың сөзінше, 10 ғимарат қираған, құтқарушылар төрт адамды үйінді астынан құтқарып алған. Бір адам қаза тапқан. Түркия ішкі істер министрі Әли Ерлікая қаза тапқан 81 жастағы адам екенін растады.
Контекст
Жер сілкінісі салдарынан аймақтағы кейбір ауылдар байланыссыз қалған. 10 тамызда Түркияның батысында 6,1 баллдық жер сілкінісі болған. Аймақта 20 афтершок тіркелген.