Түркияда тағы да жер сілкінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
11 тамыз, таңертең ел астанасы Анкарада жер сілкінді. Табиғи апат салдарын жою басқармасының (AFAD) мәліметі бойынша, Анкараның Этимесгут ауданында 3,2 баллдық жер сілкінісі тіркелген.
Жер сілкінісі 4,68 шақырым тереңдікте болғаны анықталған.
Контекст
Бұған дейін, 10 тамызда Түркияның Балыкесир провинциясында жер сілкініп, Сынгыргы қаласында тұтас бір аудан қирап қалған. Бір адам қаза болып, 29 адамның жараланғаны туралы ақпарат тараған.