×
542.66
631.98
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.66
631.98
6.77

Трамп Зеленскийдің «территория алмасудан бас тарту» ұстанымымен келіспейді

Бүгін, 08:00
Трамп Зеленскийдің «территория алмасудан бас тарту» ұстанымымен келіспейді
Фото: aa.com.tr

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийдің Ресеймен аумақтық келісімдерге келуден үзілді-кесілді бас тартуына таңданысын білдірді. Бұл туралы Трамп журналистер алдында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Оның сөзінше, Украинаның қазіргі басшылығы бейбіт келіссөздер жүргізу мүмкіндігін толықтай жоққа шығарып отыр, ал бұл қақтығыстың жалғасуына әкелуі мүмкін. Трамп  Зеленскийдің аумақтық тұтастық туралы ұстанымына сынай сөйледі.

«Мен Зеленскийдің Конституцияны алға тартып, кез келген аумақтық келісімнен бас тартуын түсінбеймін. Егер бейбітшілікке қол жеткізудің бірден-бір жолы — келіссөздер арқылы белгілі бір шарттарға бару болса, оны қарастыру қажет деп есептеймін», — деді Трамп.

Украина Конституциясында елдің аумақтық тұтастығы заңмен бекітілген. Бұл — Украинаның сыртқы және ішкі саясатындағы негізгі қағидаттардың бірі.

Зеленский бұған дейін де бірнеше рет Украинаның бірде-бір шаршы метр жері Ресейге берілмейтінін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, «территориямен саудаласу» мемлекеттің егемендігіне тікелей қауіп төндіреді және соғыстың әділетті аяқталуына қарсы келеді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин 15 шілдеде Альяскада кездесетіні айтылған. Бірақ ол кездесуге Владимир Зеленский қатыспайды. Трамп екі жақтық кездесуден кейін, Путин мен Зеленскийдің қатысуымен үш жақтық кездесу болатынын айтқан.

«Мен екеуін бір бөлмеге отырғызамын. Барлығы сол жерде шешіледі», – дейді Трамп.

Серіктес жаңалықтары