×
542.66
631.98
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.66
631.98
6.77

Әзербайжан Армениямен арадағы бейбіт келісім жобасын жариялады

Бүгін, 10:05
Әзербайжан Армениямен арадағы бейбіт келісім жобасын жариялады
Фото: Andrew Harnik / Getty Images

Әзербайжан Армениямен арадағы бейбіт келісім жобасын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі жариялаған құжатқа сәйкес, тараптар парафирлеген бейбіт келісім 17 тармақтан тұрады. Онда мынандай негізгі ережелер қарастырылған:

  • Әзербайжан мен Армения бір-біріне қарсы күш қолданудан бас тартады;
  • Шекараның нақты сызығын белгілеу үшін бөлек делимитация жөніндегі келісім жасалады;
  • Келісімнің орындалуын бірлескен бақылау комиссиясы қадағалайды;
  • Келісім күшіне енген соң, екі ел де Халықаралық соттарға берген өзара шағымдарын кері қайтарып алады.

Вашингтондағы уағдаластық

8 тамыз күні Вашингтондағы кездесуде Әзербайжан президенті Илхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян әскери қақтығыстан бас тартып, дипломатиялық қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге келісті.

"Олар 35 жыл бойы соғысты. Енді олар достасып отыр" деді Трамп үшжақты келісімді қорытындылап.

Ал Әлиев пен Пашинян Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды.

Дау болған Зангезур дәлізі

Келіссөз нәтижесінде тараптар Зангезур дәлізі бойынша келісімге келді. Бұл дәліз Әзербайжанды Нахчыван эксклавымен байланыстырады және Армения аумағы арқылы өтеді. Енді ол 99 жылға америкалық компанияның бақылауына берілмек.

Серіктес жаңалықтары