×
542.29
629.54
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.29
629.54
6.77

200 келі есірткі табылған: Жамбыл облысында әкесі мен баласы жеті жылға сотталды

12.08.2025, 17:27
200 келі есірткі табылған: Жамбыл облысында әкесі мен баласы жеті жылға сотталды
Көрнекі сурет. Фото: Ашық дереккөзден

Жамбыл облысында әкесі мен баласы 200 келі мөлшерінде есірткі заттарын заңсыз сақтағаны, тасымалдағаны және өткізгені үшін сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Бас прокуратура мәліметінше, күдіктілер 2024 жылы күзде аса ірі мөлшердегі «гашиш» және «кептірілген марихуана» есірткі заттарын өткізу мақсатында жинап, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында орналасқан шаруа қожалығына жасырған.

Күдіктілер 12,7 келі «гашиш» есірткі затын 1 млн теңгеге өткізу кезінде ұсталған. Тінту кезінде 13 қапқа салынған 185 келі «кептірілген марихуана» теркіленген.

Сонымен қатар аталған тұлғаларға тиесілі шаруа қожалықтан өсімдік тәріздес заттар салынған 13 дана қаптар тәркіленіп, ішінен жалпы салмағы 185 кг «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып алынған.

Жамбыл облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыкүдіктілерді  ҚК 297-бабының 3-бөлігі 1,3 -тармақтарымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырған.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары