×
542.29
629.54
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.29
629.54
6.77

Пәтер мен көлік сатып алған: Шымкентте "450 миллион теңге жымқырған" мектеп есепшісі сотталды

Бүгін, 08:00
Пәтер мен көлік сатып алған: Шымкентте "450 миллион теңге жымқырған" мектеп есепшісі сотталды
Фото: Ашық дереккөзден

Шымкентте «аса ірі көлемде қаржы жымқырды» деп айыпталған мектептің бас есепшісі сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты таратқан ақпаратқа қарағанда, сотталушыға қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы «мемлекеттің сеніп тапсырылған аса ірі мөлшердегі мүлкін жымқыру» және 218-бабының 3-бөлігі 3-тармағы«қылмыстық жолмен алынған ірі мөлшердегі ақшаны немесе өзге мүлікті заңдастыру» бойынша айып тағылған. Сот оны тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырған.

«Б. мектеп бас есепшісі бола тұра, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сеніп тапсырылған аса ірі мөлшердегі мүлікті иемденіп, мемлекетке 451 173 978 теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Сонымен қатар, Б. бірнеше автокөліктер мен пәтерлерді, жер телімін және бағалы қағаздарды сатып алу арқылы, қылмыстық жолмен алынған ірі мөлшердегі ақшаны және мүлікті заңдастырған», – делінген сот таратқан ақпаратта.

Сотталушы өзіне тағылған айыпты толықтай мойындаған. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары