×
542.29
629.54
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.29
629.54
6.77

Зеленский: Донбас Ресейдің келесі шабуылына арналған «плацдарм»

Бүгін, 08:32
Зеленский: Донбас Ресейдің келесі шабуылына арналған «плацдарм»
фото: AP

Украина президенті Владимир Зеленский Донбастан әскерлерді шығару туралы ұсынысты жоққа шығарды. Ол бұл аймақты Ресейдің келесі шабуылына арналған «плацдарм» деп атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Владимир Зеленскийдің айтуынша, бұл қадам тек Ресейдің мүддесіне жұмыс істейді және елдің болашағына қауіп төндіреді. Донбас облысының шамамен 30%-ына тең 9 мың шаршы шақырым жерден бас тарту Ресейге Запорожье, Днепропетров және Харьков облыстарына жаңа шабуыл жасау үшін стратегиялық мүмкіндік береді.

«Донбасс — ресейліктер үшін болашақ шабуылға арналған плацдарм. Егер біз ол жерден кетсек, біз үшінші соғысты ашамыз», — деді Зеленский.

Оның айтуынша, Қырым қалай 2014 жылы Украинаға қарсы басқыншылықтың басы болған болса, Донбас та дәл сондай стратегиялық маңызға ие.

Зеленский «Дональд Трамп пен Владимир Путиннің Аляскадағы кездесуі қарсаңында Ресей Запорожье, Днепропетровск және Харьков облыстарына қосымша әскери күштерін жөнелтіп жатыр» деді.

«Запорожьеде, біздің бағалауымыз бойынша, қосымша 15 мыңға жуық, Покровскийде - 7 мыңға жуық, Новопавловскийде - 5 мыңға жуық болады», – деді ол.

Бұдан бөлек, Украина барлау қызметі Ресей Курск облысына да қосымша әскер жіберуі мүмкін екенін хабарлаған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин 15 тамызда Аляскада кездеседі деген ақпарат тараған. Кездесуге Владимир Зеленский қатыспайды. 

Серіктес жаңалықтары