×
542.29
629.54
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.29
629.54
6.77

Газада Израиль шабуылынан бір тәулікте 100-ге жуық адам көз жұмды

Бүгін, 09:02
Газада Израиль шабуылынан бір тәулікте 100-ге жуық адам көз жұмды
фото: AP

Газада Израиль шабуылынан бір тәулікте 100-ге жуық адам көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израильдың әуе шабылударынан кем дегенде 100 адам көз жұмып, 500-ден астамы жараланған. Газаның әртүрлі аудандарына жасалған әуе соққысынан 69 адам қаза болған. 31 адам гуманитарлық көмек алуға бара жатқан жолда көз жұмған.

Газа тарапы Израиль гуманитарлық орталықтарға бара жатқан адамдарды жиі атқылайтынын айтады. Израиль оны жоққа шығарады. ЦАХАЛ тек ескерту жасайтынын, гуманитарлық орталықтарды қорғамайтынын, бірақ екі шақырымға дейінгі шепті бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

Гуманитарлық орталық әкімшілігі Израиль арманиясының күш қолданғанын растамады. Бірақ кезек тәртібін сақтау үшін көзден жас ағызатын газ пайдаланғанын айтты.

БҰҰ мәліметінше, екі миллион тұрғыны бар Газа халқының 90 пайызы аштықта өмір сүруде. Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы Израиль басып кіргелі 61 мыңнан астам адам көз жұмған.

Серіктес жаңалықтары