×
542.29
629.54
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.29
629.54
6.77

Үкімет Каспий мәселесін зерттеуге қосымша 305 миллион теңге бөлді

Бүгін, 10:20
Үкімет Каспий мәселесін зерттеуге қосымша 305 миллион теңге бөлді
ulysmedia коллажы

Қазақстан үкімет резервінен Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын дамытуға қосымша 305 миллион теңге бөлінетін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

«Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» КеАҚ-қа Үкімет резервінен 305 млн теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды», – делінген үкімет таратқан ақпаратта.

2025 жылы Қазақстанда Каспий теңізі жөніндегі ғылыми-зерттеу институты жұмысын бастаған. Олар теңіздің тартылу себептерін зерттеп, экожүйе жағдайын бақылап, су қоймасын қалпына келтіру жолын іздейді. Ұйымды қаржыландыруға бұған дейін 846 миллион теңге бөлінетіні хабарланған.

• 518 млн теңге – жабдық сатып алуға (жергілікті бюджеттен), 

• 328 млн теңге – штат пен инфрақұрылымды ұстауға (республикалық бюджеттен).

2024 жылы Каспийдің Қазақстан жақ бөлігіндегі су деңгейі 26 см-ге төмендеп, Балтық жүйесі бойынша -29,12 метрге жетті. 2050 жылға қарай тағы 3–5 метрге түсуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары