Есірткі сатқаны үшін сотталған қазақстандық Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Бас прокуратура мәліметінше, экстрадицияланған азамат 2014 жылы Павлодар қаласында аса ірі көлемде есірткі заттарын сатқан. Кейіннен істі болып, 2015 жылы сот үкімімен ақталған. Бірақ прокуратура шағымымен үкімнің күші жойылып, оған 10 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.
«Сол уақыт ішінде аталған адам қылмыстық жазадан құтылу мақсатында соттан бой тасалап, соған байланысты халықаралық іздеу жарияланған», – делінген бас прокуратура жариялаған ақпаратта.
.Ол 6 жыл халықаралық іздеуде болған. Былтыр желтоқсанында іздеудегі адам Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан бас прокуратурасының сұрауы бойынша экстрадицияланған.