×
542.29
629.54
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.29
629.54
6.77

Атырауда Украина аумағында Ресей жағында соғысқан Қазақстан азаматы сотталды

Бүгін, 12:48
Атырауда Украина аумағында Ресей жағында соғысқан Қазақстан азаматы сотталды

Атырауда Украина аумағында Ресей жағында соғысқан Қазақстан азаматы сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Атырау соты таратқан ақпаратқа қарағанда, Атырау қаласының тұрғыны Қазақстан азаматы бола тұра, 2024 жылы наурыздың соңында Мәскеуге барып, Ресей Федерациясының уәкілетті органдарымен ерікті түрде әскери қызмет өтеу туралы келісімшарт жасасқан. Осыдан кейін жаттығудан өтіп, танк полкінің құрамында әскери дәрігер ретінде Донецк облысында қарулы қақтығыстарға қатысқан. Былтыр желтоқсанда жарақат алып, госпитальге түскен.

Сот оны қылмыстық кодекстің 172-бабы бойынша «шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығыстарға қатысу» кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырған.

Сотталушы өзіне тағылған айыпты толықтай мойындаған. Ол соттан жеңіл жазаға кесуді сұраған. Прокурор оны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары