×
542.29
629.54
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.29
629.54
6.77

Қаржы министрлігі блогерлермен соттасып жатыр

Бүгін, 17:39
Қаржы министрлігі блогерлермен соттасып жатыр
Қаржы министрі Мәди Тәкиев. Фото: Ашық дереккөзден

Қаржы министрлігі блогерлермен соттасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мән-жай

Қаржы министрлігі «салықтан жалтарды» делінген 7 блогермен соттасып жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Мәди Тәкиев үкімет отырысынан кейінгі брифингте мәлімдеді. 

Министрдің сөзінше, бұған дейін 854 блогерге салық бойынша хабарламалар жіберілген. 620 блогер декларация тапсырып, 18,141 млрд теңге салық түскен. Қазір 234 блогерге қатысты тексеру жүріп жатыр.

Министр блогерлерден бөлек, әншілерге де ескерту жасады. Кейбір әншілер гонорарды қолма-қол алып, табысын жасырып келгені анықталған. «Мұндай жағдайда салықтан жалтарған әрбір тұлға заңға сәйкес жауапқа тартылады» деді министр.

«Бақылаудың бірнеше тәсілі бар. Тойларды кім жасап жатқанын білеміз. Хронометраж бар. Ол қолма-қол ақшаны бір жерге жұмсайды. Пәтер немесе басқа да мүлік алғанда белгілі болады, сұралады. Сол кезде анықталады», – деді Мәди Тәкиев.  

Серіктес жаңалықтары