×
542.29
629.54
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.29
629.54
6.77

Қорғаныс министрлігі Польшада "тыңшылық" күдігімен Қазақстан дипломатының ұсталғанын растады

Бүгін, 17:56
Қорғаныс министрлігі Польшада "тыңшылық" күдігімен Қазақстан дипломатының ұсталғанын растады
Фото: ABW

Қорғаныс министрлігі Қазақстан дипломатының Польшада ұсталғанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мән-жай

Қорғаныс министрлігі Польшада Қазақстан әскери атташе аппаратының қызметкері ұсталғанын растады. Бұған дейін Қазақстанның Украинадағы елшілігіндегі әскери атташе көмекшісін Польша арнайы қызметі ұстағаны туралы ақпарат тараған.

«Қазіргі уақытта бұл жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен өзара іс-қимыл жасалуда. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдануда», – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Контекст

Бүгін  Elmedia басылымы өзінің деккөздеріне сүйеніп, Польшада ұсталған Қазақстан дипломатының есімі Әнуар.Б екенін жазған. Ол Қазақстанның Украинадағы елшілігінде әскери атташе көмекшісі болып бір жарым жыл жұмыс істеген. Оның Украина аумағында ғана дипломатиялық иммунитеті болған. Польша күштік құрылымдарының оны өз аумағында ұстауына ешқандай кедергі болмаған.

11 тамызда Польша арнайы қызметі «тыңшылық жасады» деген күдікпен Қазақстанның Украинадағы елшілігінде әскери атташе көмекшісі болған адамды ұстағаны туралы ақпарат тараған. 

30 шілдеде Польша билігі Быдгощ қаласында Орталық Азия елдерінің бірінің сыртқы барлау қызметінің офицері ұсталып, үш айға қамауға алынғаны туралы хабарлаған. Бірақ нақты қай елдің азаматы екені туралы айтылмаған.

Серіктес жаңалықтары