×
537.96
630.27
6.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.96
630.27
6.73

Трамп Путин мен Мәскеуге ескерту жасады

Бүгін, 08:01
Трамп Путин мен Мәскеуге ескерту жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путин мен Мәскеуге тағы да ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мән-жай

Дональд Трамп 15 тамызда болатын кездесуден кейін Владимир Путин Украинаға қарсы соғысты тоқтатпаса, оның салдары Мәскеу үшін өте ауыр болатынын айтты. АР агенттігінің жазуынша, ол бұл жөнінде Вашингтонда Кеннеди орталығының премиясынан кейінгі журналистермен кездесуде айтқан. Бірақ Кремльді нақты қандай ауыр салдар күтіп тұрғанын айтпаған.

Бұдан бөлек, 13 тамызда Дональд Трамп Еуропа елдері мен Украина басшысы Владимир Зеленскиймен жабық режимде видео конференция өткізді. Жиында Трамп егер 15 тамызда Путинмен кездесу сәтті өтетін болса, онда келесі кездесу Зеленский мен Путин арасында өтуі тиіс екенін айтты.

Контекст

Трамп пен Путин 15 тамызда Аляскада кездеседі. Бұл жөнінде 6 тамызда АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Мәскеуде Владимир Путинмен кездескеннен кейін белгілі болған. Трамп бұл кездесуді «өнімді кездесу» деп атаған.

Серіктес жаңалықтары