×
537.96
630.27
6.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.96
630.27
6.73

Қытай билігі Әлімнұр Тұрғанбайды ұстағанын растады

Бүгін, 09:26
Қытай билігі Әлімнұр Тұрғанбайды ұстағанын растады
ulysmedia коллажы

Қытай билігі Әлімнұр Тұрғанбайды ұстағанын растады. Бұған дейін оның отбасы 23 шілдеден бері одан хабар ала алмай отырғанын айтып, көмек сұраған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мән-жай

Шілденің соңында Қытайға жүк көлігін айдап барып, хабарсыз кеткен Әлімнұр Тұрғанбайдың ұсталғанын Қытай билігі растады.

Қытай жағының Қазақстан билігіне жолдаған жауабында Әлімнұр Тұрғанбайдың әлі де Қытай азаматы екені, Қытайда қос азаматтық жоқтығын алға тартқан.

Азаттық радиосының жазуынша, Әлімнұр Тұрғанбайдың әйелі Гүлдәрия Шерзат Қазақстанның Қытайдағы консулдығынан жауап алған.

«Қытайлық тараппен өткізілген тиісті келіссөздің нәтижелері бойынша 2025 жылдың 11 тамызында Қытай қоғамдық қауіпсіздік министрлігі халықаралық ынтымақтастық басқармасы Қытайдың «Азаматтық туралы» заңының ережелеріне сәйкес, Әлімнұр Тұрғанбай Қытай азаматтығынан шығуға рұқсат алмағанын және Қытай азаматтығынан автоматты түрде айырылу шарттарына сәйкес келмейтінін хабарлады. Осыған байланысты ол әлі күнге дейін ҚХР азаматы мәртебесін сақтап отырғанын жеткізіп, Қытайда қос азаматтық танылмайтындығын атап өткенін жеткіземіз», – деп жазылған консулдық жауабында.

Контекст

Қытайдан Қазақстанға көшіп келген 48 жастағы Әлімнұр Тұрғанбай 23 шілдеде шекарадан жүк көлігін айдап өткен. Қасындағы адамдар әйеліне «Қытай шекарасында оны полиция ұстап алып кетті» деген. Жақындары содан бері одан хабар алмаған.

Бұған дейін Ulysmedia Әлімнұр Тұрғанбайдың жағдайы туралы бірнеше рет жазған.

Серіктес жаңалықтары