×
537.96
630.27
6.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.96
630.27
6.73

«Даму бала» төңірегіндегі дау: Қызылордада жымқырылған ақша коттеджбен көлікке жұмсалған

Бүгін, 10:13
«Даму бала» төңірегіндегі дау: Қызылордада жымқырылған ақша коттеджбен көлікке жұмсалған
скриншот

Қызылордада «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлерден аса ірі көлемде қаржы жымқырған мониторингтік топ мүшелері сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мән-жай

Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан ақпаратқа қарағанда, мониторингтік топ құрамында болған қатысушылардың бірі, өзінің қызмет бабын пайдаланып, сыбайласымен бірге кәсіпкерлерге тексеріс нәтижелерін «оң шешіп береміз» деген желеумен ақша бопсалаған.

Жымқырылған 88 млн теңгеден астам қаражаттың бір бөлігі коттеджбен автокөлік сатып алуға жұмсалған.

Сот шешімімен күдіктілер 6 және 5 жылға бас бостандықтарынан айырылған.

Үкім әлі заңды күшіне енбеген.

Серіктес жаңалықтары