Шымкент қаласының бас архитекторы ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Мән-жай
Шымкент сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов «бөтеннің мүлкін иемденді» деген күдікпен ұсталды. Бұл жөнінде Orda сайты дереккөздеріне сүйеніп жазды.
Басылымның мәліметінше, істі ұлттық қауіпсіздік комитетінің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр.
Арман Әбдешов Шымкент сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы болып биыл ақпанда тағайындалған.
Бұған дейін «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС компаниясында аудиторлық тексеріс жүріп жатқаны туралы хабарланған.