×
537.96
630.27
6.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.96
630.27
6.73

Павлодарда «өгей қызын зорлады» деп айыпталған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Бүгін, 13:29
Павлодарда «өгей қызын зорлады» деп айыпталған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Фото: Ашық дереккөзден

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық соты «өгей қызын зорлады» деп айыпталған ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мән-жай

Үкім 14 тамызда оқылған. Сот процесі жабық өткен. Павлодар облыстық соты таратқан ақпаратқа қарағанда, күдіктінің кінәсі заттай айғақтармен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен толықтай дәлелденген.

«Істің мән-жайын және сотталушының жеке басын ескере отырып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеумен, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген хабарламада.

Үкім әлі заңды күшіне енбеген.

Бұл Павлодар облысындағы алғашы оқиға емес. Осыдан бірнеше апта бұрын 48 жастағы облыс тұрғыны 13 жастағы өгей қызын зорлағаны үшін сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Серіктес жаңалықтары