×
537.96
630.27
6.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.96
630.27
6.73

Ресейде дрон шабуылынан кейін "ЛУКОЙЛ" зауытында өрт болды

Бүгін, 14:22
Ресейде дрон шабуылынан кейін "ЛУКОЙЛ" зауытында өрт болды
Фото: Dmitry Rogulin/picture-alliance/dpa/ITAR-TASS

Волгоград облысында мұнай өңдеу зауытының аумағында дрон қалдықтарының құлауынан өрт болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мән-жай

14 тамызда Волгоград облысының губернаторы Андрей Бочаров аймақтағы мұнай өңдеу зауытының аумағында украиналық дрон қалдықтарының құлауы салдарынан өрт болды деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, түнде Әуе қорғанысы күштері дрондардың жаппай шабуылына тойтарыс берген.

«Дрон қалдықтарының құлауынан Волгоград МӨЗ-да мұнай өнімдерінің төгілуі мен өртенуі орын алды. Өрт сөндіру қызметі жедел түрде қимылдады. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер жоқ», - деді Бочаров.

Волгоградта «ЛУКОЙЛ-Волгоград мұнай өңдеу» зауыты орналасқан. Ол оңтүстік федералды округ аумағындағы ең ірі мұнай өндіруші. Зауыттың қуаты 14,8 млн тонна. Baza Telegram каналының мәліметінше, өрт дәл осы мұнай өңдеу зауытында болған.

Алдыңғы түні аймаққа Украина дрондармен шабуылдаған. Волгоградта дрон 16 қабатты тұрғын үйдің төбесіне құлаған. Зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ. Жергілікті Telegram арналары “шабуылдың мақсаты – мұнай өңдеу зауыты болды” деп жазды.

Серіктес жаңалықтары