×
537.96
630.27
6.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.96
630.27
6.73

Күн тәртібінде Украинадағы соғыс: Трамп пен Путин кездесуінің жай-жапсары айтылды

Бүгін, 14:47
Күн тәртібінде Украинадағы соғыс: Трамп пен Путин кездесуінің жай-жапсары айтылды
Фото: РИА Новости

Дональд Трамп пен Владимир Путин кездесуде не жөнінде сөйлесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мән-жай

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков екі ел президенттерінің кездесуіне дайындық шаралары аяқталғанын хабарлады. Оның сөзінше, кездесудің басты тақырыбы Украина дағдарысы болмақ.

«Путин мен Трамп кездесуінің күн тәртібі Украина дағдарысын реттеу болады», – деді ол.

Ушаковтың айтуынша, кездесуге байланысты арнайы бағдарлама әзірлеген. Ол бойынша Путин мен Трамп бірінші жеке кездеседі. Содан кейін делегациялардың қатысуымен бас қосу болады.

«Трамп пен Путиннің кездесуі Аляскадағы Анкоридж қаласында жергілікті уақытпен 11:30-да басталады», – деді Ушаков.

Кездесуден кейін хаттама бойынша Трамп пен Путин бірлескен баспасөз мәслихатын өткізеді.

РИА Новости басылымының мәліметінше, кездесуге Ресей тарапынан сыртқы істер министрі Сергей Лавров, қорғаныс министрі Андрей Белоусов, қаржы министрі Антон Силуанов, тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев және президент көмекшісі Юрий Ушаков қатысады.

Дональд Трамп пен Владимир Путин ертең, 15 тамызда Аляскадағы әскери базада кездеседі. Бұл кездесуге Украина президенті Владимир Зеленский қатыспайды. Бұған дейін кездесуде тараптар “территориямен алмасу” мәселесін талқылайды деген ақпарат тараған. Бірақ Зеленский оған қарсы шыққан. Ол Украина әскері Ресей басып алған аймақтардан кері шегінбейтінін айтқан. 

Серіктес жаңалықтары