Украина мен Ресей тұтқын алмасты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Мән-жай
Украина мен Ресей Біріккен Араб Әмірліктерінің қатысуымен тұтқын алмасты.
Тұтқын алмасу 84-84 форматы бойынша жүзеге асырылған.
Тұтқын алмасу болғанын Ресей қорғаныс министрлігі растады.
«Қазіргі уақытта Ресей сарбаздары Беларусь Республикасының аумағында. Оларға қажетті психологиялық және медициналық көмек көрсетілуде», – делінген Ресей қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта.
Контекст
Тараптар бұған дейін де бірнеше рет тұтқын алмасқан. Бірақ бұл жолғы тұтқын алмасу АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путиннің кездесуі қарсаңында болып отыр. Екі ел президенттері 15 тамызда Аляскада кездеседі.