×
537.96
630.27
6.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.96
630.27
6.73

Қайрат Боранбаевтың бизнес серіктесі ұсталды

Бүгін, 18:15
Қайрат Боранбаевтың бизнес серіктесі ұсталды
фото: kazbusiness.kz

Қайрат Боранбаевтың бизнес серіктесі ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мән-жай

NEF Qazaqstan компаниясының басқарушы серіктесі (Nef түрік холдингіне кіреді) Тарык Волкан Оскай ұсталды. Сәуірден бері ол алаяқтық айыбымен іздеуде болған. Дәл осы бап бойынша (ҚР ҚК 190-бабы) қазір сотқа дейінгі тергеу басталған. Кәсіпкердің қашан және қай жерде ұсталғаны белгісіз.

Дефолтқа ұшыраған компания

2023 жылдың күзінде «NEF Qazaqstan» AIX биржасында дефолтқа ұшырап, 4 миллиард теңге көлеміндегі облигациялық қарызын және 402 миллион теңге көлеміндегі купондық төлемін өтей алмаған. Компания бұл қаражатқа Алматы қаласында «Green Center» тұрғын үй кешенін салып жатқанын айтып, қарызды өтей алмауын «жылжымайтын мүлік сатып алушыларынан дебиторлық берешек туындауына байланысты кассалық шығын болды» деп түсіндірген.

Қайрат Боранбаевпен байланыс

Тарык Волкан Оскай Қайрат Боранбаевпен бірге Comfort Hotel Astana қонақ үйіне иелік еткен. 2023 жылы қонақ үй мемлекет меншігіне беріліп, 2024 жылы американдықтарға сатылған.

Серіктес жаңалықтары