АҚШ қаржы министрлігі Қырғызстанның Grinex криптобиржасына санкция салды. Оны жабылған ресейлік Garantex және киберқылмыстармен байланысы бар деген айып тағылған,, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Мән-жай
АҚШ Қаржы министрлігі Қырғызстандық Grinex криптобиржасын санкциялық тізімге енгізді, оны жабылған ресейлік Garantex биржасының мұрагері деп атады. Ведомствоның мәліметінше, Garantex 2019 жылдан бері заңсыз әрекеттерге байланысты 100 миллион доллардан астам сомада операцияларды өңдеген, сондай-ақ киберқылмыскерлерге «көмек көрсеткен».
АҚШ мәліметінше, Grinex биржасы 2022 жылы енгізілген шектеу шараларын айналып өту үшін Garantex-тің бұрынғы қызметкерлері құрған. Алайда Grinex биржасының өзі Garantex-пен байланысын жоққа шығарып отыр.
Forbes сұхбат алған сарапшылар Grinex пен Garantex-тің тіркеу деректеріндегі ұқсастықтарға назар аударған, бұл олардың пікірінше, екі платформа арасында байланыс болуы мүмкін екенін көрсетеді. АҚШ қаржы министрлігі Grinex Garantex-тің бизнес-моделі мен инфрақұрылымын мұраға алған деп санайды.
Санкциялық тізімге сондай-ақ Garantex компаниясының басшылары да енген. Олардың ішінде компанияның тең құрылтайшысы Сергей Менделеев, коммерциялық директор Александр Мира Серда және өңірлік директор Павел Каравацкий бар.
Сонымен қатар, шектеу шаралары Ресей мен Қырғызстандағы алты компанияға да әсер еткен. Олардың қатарында Қырғызстандық Old Vector, ресейлік A7, A71 және A7 Agent компаниялары, рубльге байланған стейбиткойн шығаруға қатысқан A7A5 компаниясы және InDeFi Bank пенExved жобалары бар.