×
538.03
629.23
6.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.03
629.23
6.74

Әлиев Ақтаудағы ұшақ апаты жайлы: қылмыскерлерді жазалап, өтемақы төлесін

Бүгін, 10:02
Әлиев Ақтаудағы ұшақ апаты жайлы: қылмыскерлерді жазалап, өтемақы төлесін
Фото: Ашық дереккөзден

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев былтыр желтоқсанда Ақтау маңында құлаған «Azerbaijan Airline» (AZAL) ұшағымен болған апатты қасақана шабуыл деп санамайтынын мәлімдеді. Бірақ Ресейден кінәлілерді жазалауды және өтемақы төлеуді талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мән-жай

АҚШ-тың Fox News арнасына берген сұхбатында Илхам Әлиев былтыр желтоқсанда апатқа ұшыраған Әзербайжан ұшағы туралы айтты.

«Біздің жалғыз талабымыз — бұл фактіні мойындау, қылмыскерлерді жазалау және өтемақыны толық төлеу», – деді ол телеарна эфирінде.

Контекст

2024 жылы 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшып шыққан ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшыраған. Сол уақытта ұшақты Грозный маңында Ресейдің әуе қорғанысы жүйесі атып түсіруі мүмкін деген болжам айтылған. Кейіннен Ресей бұл оқиғаға байланысты тергеу тобын құрған. Бірақ оның нәтижесі әлі жарияланған жоқ.

Әзербайжан ұшақ апатына Ресейді айыптап, Ресей президенті Владимир Путинның Илхам Әлиевтен кешірім сұрағаны да айтылған. Бірақ осыдан кейін екі елдің қарым-қатынасы шиеленіскен.

Апатқа ұшыраған ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған, апаттан тек 29 адам аман қалған.

Серіктес жаңалықтары