×
538.03
629.23
6.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.03
629.23
6.74

Ердоған оппозиция басшысынан 25 мың доллар өтемақы талап етті

Бүгін, 08:57
Ердоған оппозиция басшысынан 25 мың доллар өтемақы талап етті
Фото: Global Look Press / Keystone Press Agency

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған оппозиция басшысынан 25 мың доллар өтемақы өндіруді талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мән-жай

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі басты оппазициялық күш — «Халықтық-республикалық партия» (ХРП) жетекшісі Өзгүр Өзелдің үстінен «жала жапты» деген айыппен тағы да сотқа шағым түсірді.

Бұл жолы Ердоған моральдық зиян келтіргені үшін Өзелден 1 миллион түрік лирасы (шамамен 25 мың АҚШ доллары) көлемінде өтемақы талап етіп отыр. Шағымға Өзелдің Байрампашадағы митинг кезінде айтқан сөзі және Мармара түрмесінен шыққаннан кейінгі баспасөзге берген мәлімдемесі себеп болған.

Бұған дейін, сәуір айында, Ердоған Өзелге қарсы дәл осындай шағыммен сотқа жүгінген, бірақ ол кезде талап етілген сома екі есе аз — 500 мың лира (шамамен 12,5 мың доллар) болған.

13 тамыз күні Стамбұлдағы митингте сөйлеген сөзінде Өзгүр Өзел оппозициялық саясаткер Экрем Имамоғлудың қамауға алынуына Ердоғанды кінәлаған.

Ердоғанның адвокаты Хүсейін Айдын ХРП жетекшісі «орынсыз мәлімдемелер жасап, президентке негізсіз айып тақты» деп мәлімдеді.

Контекст

Стамбұл мэрі, оппозициялық «Халықтық-республикалық партия» мүшесі, Экрем Имамоғлуға сыбайлас жемқорлық бойынша іс қозғалып, 2024 жылдың шілдесінде ол 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған. Онымен бірге дәл сондай айыппен Адана, Анталья және Адыяман қалаларының мэрлері де ұсталған. Олар да «Халықтық-республикалық партия» мүшелері.

Экрем Имамоғоу алдағы президент сайлауында Ердоғанның басты қарсыласы саналады. Оның сайлаушылар алдындағы беделі мен танымалдығы өте жоғары.

Серіктес жаңалықтары