×
538.03
629.23
6.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.03
629.23
6.74

5 миллион теңге төңірегіндегі дау: Блогер Елікбаев салық комитетін сотта жеңгенін айтты

Бүгін, 12:01
5 миллион теңге төңірегіндегі дау: Блогер Елікбаев салық комитетін сотта жеңгенін айтты
ulysmedia коллажы

Белгілі қазақстандық блогер Әлішер Елікбаев Мемлекеттік кірістер комитетін сотта жеңгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жарты жыл бұрын бірқатар қазақстандық блогерлерге салық төлеуге қатысты ескертулер жіберілгені туралы хабарланған. Сол уақытта Әлішер Елікбаевқа да қазынаға 5 миллион теңге төлеу туралы ескерту келген.

Блогер есепшотына түскен аса ірі көлемдегі қаржы операциялары арасында табыстан бөлек, қайырымдылыққа арналған қаржылар да бар екенін айтты.

– Бұл қаржылар менің табысым емес, сондықтан олар салық салуға жатпайды. Ақша маған емес, бірден қайырымдылық қорларына, клиникаларға, көлік өндірушілерге немесе медициналық жабдық дистрибьютерлеріне аударылып отырған, – деп жазды Әлішер Елікбаев.

Елікбаев оның уәждері ескерілмеген соң, сотқа жүгінгенін айтты.

– Соңына дейін бұл істе жеңіп шығамыз деген сенім болмады. Бірақ Дмитрий Казанцевтің командасының кәсібилігінің арқасында, олардың нақтылық пен принципшілдігінің арқасында сот бізді қолдады. Салық органдарының әрекеттері заңсыз деп танылды. Толыққанды салықтық тексеріс жүргізу туралы өтініш қанағаттандырылмады. Түйе емес екенімді деп дәлелдеу үшін жарты жыл уақыт кетті, – деп түйіндеді Алишер Елікбаев.

Бұған дейін қаржы министрі Мәди Тәкиев жаңа салық кодексі бойынша, тик-ток және ютуб блогерлер де салық төлеуі тиіс екенін айтқан. Ол әлі де салық төлемей жүрген блогерлер бар деген.

Серіктес жаңалықтары