Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Аляскаға барды. Бірақ журналистермен тілесуден бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Сергей Лавров 15 тамызға жоспарланған АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі қарсаңында Аляскаға барды. Алайда журналистер сұрағына жауап беруден бас тартты.
«MediaBBG» телеграм-арнасында жарияланған видеода журналистердің бірі Лавровтан «Бұл сіздің Аляскаға алғаш рет келуіңіз бе? Сізге бұл жер ұнады ма?» деп сұрайды. Лавров оған қысқа ғана «Мен бұл жерде болғанмын» деп жауап береді. Желі қолданушылары Лавровтың Аляскаға киіп келген киімін талқылап жатыр. Дипломат “СССР” деген жазуы бар киім киіп келді.
Контекст
Бүгін, 15 тамызда Аляскада Дональд Трамп пен Владимир Путин кездеседі деп жоспарланған. Бұған дейін Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков кездесудің басты тақырыбы Украинадағы дағдарыс болатынын айтқан. Бірақ кездесуге Украина президенті Владимир Зеленский қатысып жатқан жоқ.
Трамп екіжақтық кездесу сәтті өтсе, алдағы уақытта Украина, Ресей және АҚШ-тың қатысуымен үшжақтық кездесу болатынын айтқан.