×
538.03
629.23
6.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.03
629.23
6.74

Қазақстан Ресей арқылы мұнай тасымалдауға мәжбүр

Бүгін, 17:40
Қазақстан Ресей арқылы мұнай тасымалдауға мәжбүр
ulysmedia коллажы

Қазақстан Баку-Тблиси-Жейхан құбыры арқылы тасымалдайтын мұнайды уақытша Каспий құбыры консорциумы арқылы жіберіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

S&P Global мәліметінше, Қазақстанның бұндай қадамға баруына Azeri Light маркалы Әзербайжан мұнайының Жерорта экспорттық жүйесін бұзуы түрткі болған.  

24 шілдеде шикізат сапасына қатысты мәселені алғаш рет British Petroleum анықтаған. Соның салдарынан Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры арқылы Қазақстан мен Түркіменстан мұнайын жіберу тоқтаған. Шілденің соңында Транскаспий бағытымен мұнай айдау толық тоқтаған және Қазақстан мұнайды Каспий құбыр консорциумына бағыттауға мәжбүр болған. Бұл уақытша шешім екені айтылады.

Қазақстан үкіметі әзірге реакция білдірген жоқ.

Ресей Украинада соғыс бастағалы бері Қазақстан билігі балама жолдар, оның ішінде Баку – Тбилиси – Жейхан құбыры туралы жиі айтатын болған. Кейінгі уақытта осы бағытта тасымал көлемі артқанымен, әлі де болса Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы өтетін көлеммен салыстырғанда әлдеқайда аз.

Былтыр Баку – Тбилиси – Жейхан құбыры Қазақстаннан 1,5 миллион тонна мұнай қабылдады. Сол уақытта үкімет жоспарында мұнай тасымалын жылына 20 миллион тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отырғаны айтылғанымен, нақты мерзімі аталған жоқ.

Серіктес жаңалықтары