KASE деректеріне сәйкес, Joint Resources АҚ-ның акционері компанияның 2024 жылға арналған жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Компанияның жалғыз акционері мынадай шешімдер қабылдаған:
КОНТЕКСТ
Бұған дейін Joint Resources холдингтік компаниясы 2023 жылдың қорытындысы бойынша 39,1 млрд теңге таза табыс тапқаны хабарланған еді. Ал 2022 жылы 127 млрд теңге шығын тіркелген. 2024 жылдың алғашқы тоқсанында компания қайтадан 2,8 млрд теңге көлемінде шығынға батты.
КОМПАНИЯ ЖАЙЛЫ
Joint Resources холдингі энергетика, тау-кен және мұнай салаларындағы активтерді басқарады. Холдинг кәсіпкер Тимур Құлыбаевқа тиесілі. 2023 жылы Құлыбаев компания басшылығын ауыстыру туралы шешім қабылдаған еді.