Астанада 2025 жылдың басынан бері 52 бала терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Оның ішінде 39 жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жатқызылған, ал 13 оқиға қайғылы жағдаймен аяқталған
– Жыл басынан бері Астанада балалардың терезеден құлап кетуінің 52 оқиғасы тіркелді, салдарынан 39 жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, ал 13 бала қайтыс болды, – делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс жағдайлардың негізгі себептерінің бірі – терезелерге қорғаныс торлары мен блокаторлардың орнатылмауы, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыру немесе үлкен балаларға қалдырып кету.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда бала балконнан құлап кеткенін жазған едік. 9 жастағы бала балконнан құлап, ауыр жарақаттар алған, сүйегі сынған.