×
540.87
632.01
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.87
632.01
6.76

Қызылорда облысында сауда үйі өртенді

Бүгін, 11:09
Қызылорда облысында сауда үйі өртенді
Ulysmedia

Қызылорда облысының Жаңақорған кентінде екі қабатты сауда үйінен өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде жалын шамамен 300 шаршы метр аумақты шарпып, ғимараттың шатыры жартылай құлап түскен.

– Өртті сөндіру ғимараттың құрылыс ерекшеліктеріне, жоғары өрт жүктемесіне және қатты түтінге байланысты қиынға соқты, – делінген хабарламада.

Қайғылы жағдай тіркелген жоқ.

Тілсіз жауды сөндіруге ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығының шамамен 20 қызметкері және 6 техника жұмылдырылды.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы ең ірі базарлардың бірі – "Big Шанхайда" тегіс өртеніп кеткен еді. Өрттен кейін сауда қатарлары қаңырап бос тұр, сатушылардың орындары мен тауарлары толық жанып кеткен. Кәсіпкерлер тек дүние-мүлкінен емес, табыс көзінен де айырылды. Ulysmedia.kz тілшісі табыс көзінен қағылып, қарызға белшесінен батқандардан сұхбат алған еді.

Серіктес жаңалықтары