×
540.87
632.01
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.87
632.01
6.76

Пәкістандағы су тасқыны: Тоқаев ел премьер-министріне көңіл айтты

Бүгін, 15:25
Пәкістандағы су тасқыны: Тоқаев ел премьер-министріне көңіл айтты
EPA-EFE/REX/Shutterstock

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда су тасқыны мен нөсер жауынның салдарынан көптеген адамның қаза тауып, зардап шегуіне байланысты көңіл айтты.

– Қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.

ПӘКІСТАН МЕН ҮНДІСТАНДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ

Пәкістан мен Үндістандағы жауын-шашын мен су тасқынынан кейін қаза тапқандар саны 365 адамға жетті, оның 300-і – Пәкістанда.

Бірқатар елді мекен су астында қалғаннан кейін көптеген тұрғын хат-хабар жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары