×
540.87
632.01
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.87
632.01
6.76

"Таяққа сүйеніп жүр": ІІІ Чарльздің денсаулығы күрт нашарлады

Бүгін, 15:42
"Таяққа сүйеніп жүр": ІІІ Чарльздің денсаулығы күрт нашарлады
REUTERS/Henry Nicholls

Ұлыбритания патшасы, 76 жастағы ІІІ Чарльздің денсаулығы күрт нашарлағаны туралы хабар британияық БАҚ-та кеңінен жазылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Radar Online агенттігінің дереккөздеріне сүйенсек, монарх қатерлі ісіктің ауыр түрімен күресіп жүр және қатты ауырсынуды бастан кешіріп жатыр. Ауырсынуды бәсеңдету үшін ол жиі алкогольге жүгінеді.

Инсайдерлердің айтуынша, патша әбден әлсіреп, қазір үнемі таяққа сүйенуге мәжбүр.

– Ауырсыну мен үмітсіздікке төтеп беру үшін Чарльз барған сайын вискиге жүгінеді, – дейді RadarOnline-ға сұхбат берген дереккөз.

Денсаулығына қарамастан, жуырда патша өзінің Сандрингемдегі резиденциясында жаңа ресми портреттер сериясына түсіп үлгерген. Дереккөздер атап өткендей, Чарльз III “қиналғанын жасыруға тырысып жатыр”.

АНЫҚТАМА

ІІІ Чарльз – қазіргі Ұлыбритания және Достастық елдерінің патшасы, ІІ Елизавета ханшайым мен ханзада Филипптің үлкен ұлы. Ол 1948 жылы 14 қарашада Лондонда дүниеге келген. Балалық шағында-ақ тақ мұрагері атанған Чарльз Британия тарихындағы ең ұзақ күткен монарх болды: ол таққа тек 2022 жылғы қыркүйекте, анасының қазасынан кейін отырды.

Серіктес жаңалықтары