Туризм және спорт министрлігі Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне Ақжүрек Таңатаровтың кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Министрлікте өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқаруға үміткердің кандидатурасы қаралды.
— Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты №7 облыстық мамандандырылған жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ақжүрек Таңатаровтың кандидатурасын қолдады, — делінген хабарламада.
АНЫҚТАМА
Ақжүрек Таңатаров (1986 жылы 3 қыркүйекте Таразда туған) — қазақстандық еркін күрес шебері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.
2012 жылы Лондон Олимпиадасында 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль иегері.
2017 жылы Нью-Делиде өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, 66-74 келі салмақ дәрежесінде бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы.