×
540.87
632.01
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.87
632.01
6.76

Тоқаев Путинді Трамппен өткен кездесу қорытындысымен құттықтады

Бүгін, 16:40
Тоқаев Путинді Трамппен өткен кездесу қорытындысымен құттықтады
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекет басшысы әріптесін АҚШ президенті Дональд Трамппен Анкориджде өткен кездесу қорытындысымен құттықтады.

Президенттің пікірінше, келіссөздер Ресейдің Украина жөніндегі ұстанымын америкалық тараптың жақсы түсінуіне септігін тигізді. Бұл күрделі мәселенің шешімін іздеуде ортақ тіл табысуға көмектеседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Аляскадағы саммитті Ресейдің халықаралық позициясын және әлемдік аренадағы өзара түсіністікті нығайту тұрғысынан айтулы кездесу болды деп санайды.

– Мемлекет басшысы сапардың сәтті ұйымдастырылғанын атап өтті. Қазіргідей күрделі жағдайда мұның саяси мәні зор. Владимир Путин өз тарапынан әріптесіне Аляскада өткен келіссөздің кейбір нақты аспектілері туралы мәлімет берді, – делінген хабарламада.

Әңгімелесу соңында Қазақстан президенті Ресей Президентіне энергетика саласындағы конструктивті ынтымақтастық үшін ризашылық білдірді.

 

Серіктес жаңалықтары