×
540.87
632.01
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.87
632.01
6.76

Найзағай, жаңбыр: 18 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 18:10
Найзағай, жаңбыр: 18 тамызға арналған ауа райы болжамы
Inform.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 18 тамызға арналған ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АСТАНА

Елордада күн бұлтты болады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13 °C, күндіз +19…+21 °C шамасында болады.

АЛМАТЫ

Оңтүстік астанада да күн бұлтты, найзағаймен өткінші жаңбыр жауады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 3-8 м/с, кей жерлерде екпіні 18 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20 °C, күндіз +25…+27 °C болады.

ШЫМКЕНТ

Елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз, бұлт аралас ашық күн райы күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20 °C, күндіз +30…+32 °C болады.

Серіктес жаңалықтары