×
540.87
632.01
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.87
632.01
6.76

Балаларды ойлаңыз: Мелания Трамп Путинге хат жолдады

Бүгін, 19:03
Балаларды ойлаңыз: Мелания Трамп Путинге хат жолдады
Reuters

АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп Владимир Путинге арнап хат жазды. Оны күйеуі Дональд Трамп Анкоридждегі саммит барысында Ресей президентіне өзі тапсырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Мелания өз хатында соғыс қыспағында қалған балалар тағдырын ерекше атап өткен.

Ол “Әрбір ұрпақ өмірін кіршіксіз тазалықтан бастайды. Бұл үкіметтен де, идеологиядан да, географиядан да биік” деп жазды.

– Құрметті президент Путин, әрбір баланың жүрегінде бірдей арман бар. Ол ауылда туса да, үлкен қаланың ортасында өссе де, бәрінің аңсайтыны – махаббат, мүмкіндіктер және қауіпсіз өмір.

Ата-ана ретінде біз келер ұрпаққа үміт сыйлауымыз керек. Ал көшбасшылардың борышы – балаларға қамқорлық жасау. Әрбір жан тыныш өмір сүре алатын, болашағы сенімді қорғалған әлем құруға тырысуымыз қажет, – делінген хатта.

Мелания Трамп қазіргі соғыс кейбір балаларды шат күлкіден айырғанын да айтқан.

– Путин мырза, олардың шат күлкісін қайтара алатын жалғыз адам – өзіңіз. Балалардың тазалығын, болашағын қорғау арқылы сіз Ресейге ғана емес, барша адамзатқа жақсылық жасайсыз. Бұл – шекара мен айырмашылықтан жоғары тұратын ой. Ал оны іске асыру сіздің қолыңызда, – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, Ресей Украинаға басып кіргеннен бері кемінде 13 мың 883 бейбіт тұрғын көз жұмған. Олардың ішінде 726 бала бар. Тағы 35 мыңнан астам адам жарақат алған, оның 2 234-і – кәмелетке толмағандар.

Бұған дейін Axios басылымы Путиннің Трамппен келіссөзде қатаң шарттар қойғанын жазды. Ол Украинаның Донецк пен Луганскіден әскерін әкетуін, сондай-ақ Херсон мен Запорожьеде “ұрысты тоқтатуын” талап еткен.

Серіктес жаңалықтары