Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке “қастандық жасады” деп айыталған Ернар Жиембайдың соты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бүгін сотта Руслан Берденовтен жауап алынады. Өткен сот отырысында судья Берденовті сотқа шақыртқан. Оның өзі процеске қатысып жатқан жоқ.
Адвокаттары оның ем алып жатқанын айтқан. Іс бойынша күдікті Ернар Жиембайдың қорғаушылары оны сотқа шақыруды, қоятын сұрақтары барын айтқан.
Кейінгі мәлімет бойынша, Берденов сотқа онлайн қатысатыны белгілі болды. Бұл жөнінде оның заңды өкілі Жеңіс Тыныбек айтты.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот оның жеке өзі немесе онлайн форматта отырысқа қатысуын талап етті.
КОНТЕКСТ
28 шілдеде Шымкенттегі сотта әкімнің орынбасарына, бұрынғы мәжіліс депутаты Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша атышулы сот процесі басталды. Айыпталушы Ернар Жиенбай 6 тамызда өткен сот отырысында оқ ату жеке себептерден туындағанын алға тартты. Оның айтуынша, Руслан Берденов оның жұбайына көңіл білдіріп, жылы сөздер жазылған жеке хабарламалар жіберген.
Бір күні әйелінің телефонына «Сен сұлусың» деген хабарлама келген. Ол хабарламаны Берденов жіберіпті. Кейін Берденов Жиембайдың суретіне лайк қойған.
Бұған қоса, айыпталушының сөзінше, Берденов оған келісім ұсынып, Шымкенттің қазіргі әкімі Ғабит Сыздықбековке қарсы жалған айғақ беруін өтінген.