×
540.87
632.01
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.87
632.01
6.76

Путин Тоқаев пен Мирзиеевке не үшін хабарласып жүр

Бүгін, 10:52
Путин Тоқаев пен Мирзиеевке не үшін хабарласып жүр
фото: РИА Новости/ Алексей Дружинин

Ресей президенті Аляскадағы саммиттің алдында және одан кейін әріптестерімен сөйлесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Таир Нигманов Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь көшбасшыларының телефон арқылы жүргізген келіссөздеріне қатысты ойын айтты.

– Менің ойымша, Аляскадағы кездесу алдындағы алғашқы қоңыраудың басты мақсаты – өз ұстанымын жеткізу, келіссөздерде қатаң ұстанатын және «саудаласуға» дайын мәселелерді айқындау болды. Саммиттен кейінгі қоңыраулар ресейлік басшылықтың жоғарыда аталған мемлекеттерге өте маңызды мән беретінін көрсетеді. Айта кетерлігі, мысалы, Өзбекстан ҰҚШҰ-ға да, ЕАЭО-ға да мүше емес, бірақ бұл жерде Ресей тарапы өз сыртқы саясатында осы мемлекеттің маңыздылығын да ерекше атап көрсетуге тырысып отыр. Ал Қазақстанға келсек, оның бұл тізімде, былайша айтқанда, Беларусьтен кейін тұрғаны таңғаларлық емес. Беларусь пен Ресей Федерациясының өзара интеграциялық жобасы – Одақтық мемлекет бар. Бұл қазіргі тарихи кезеңде Қазақстанға қызықсыз деңгейдегі интеграция, әрі оның болашақта да қызықтыратынына сенімді емеспін. Бірақ біз олардың сыртқы саяси таңдауына құрметпен қараймыз. Осылайша, Беларусьтен кейінгі орында Қазақстан тұр, бұл – аймақтағы елдердің өзіндік маңыздылық рейтингін көрсетіп отыр, – дейді сарапшы adyrna.kz сайтына берген жауабында.

ӘҢГІМЕЛЕСУ

Еске салайық, 17 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын. 

Серіктес жаңалықтары