×
540.87
632.01
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.87
632.01
6.76

Руслан Берденов сотта Ернар Жиембайдың әйелін танымаймын деп ақталды

Бүгін, 11:07
Руслан Берденов сотта Ернар Жиембайдың әйелін танымаймын деп ақталды
Ulysmedia.kz коллажы

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов сотқа онлайн қатысып, жауап бере бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Руслан Берденов сотта Ернар Жиембайдың осыған дейін айтқан сөздерін жоққа шығарды. Ол оның әйелі Луиза Алданованы танымайтынын, жеке қарым-қатынасы жоғын айтты. Берденов өзіне Ернар Жиембайдың қастандық жасауын қызметімен байланыстырды.

Берденов күдікті Ернар Жиембай мен инспектордың арасындағы дау туралы айтты. 

- Инспектормен дауласа бастады. Екеуі менің көзімше ұрсыса бастады. Сол себепті мен “егер сен осылай жұмыс істейтін болсаң біз сенімен жұмыс істей алмаймыз” дедім. Себебі есеп беру қажет екені екі күн бұрын айтылған. Бүкіл есеппен келіңдер, не істеліп жатыр, қандай жұмыс жүріп жатыр, бюджеттің ақшасы қалай құртылып жатыр дегендер сұралды. Мысалы маған мердігерлер тұрғын үйде тендерсіз жұмыс істеп жатыр деген шағымдар айтылды. Одан бөлек, Жиембайдың өзі үлкен көлемде құрылыс материалдарын сатып алып жатқаны туралы да шағым келді. Соған байланысты мен қандай жұмыс істеліп жатқанын сұрадым. Ол ештеңе айта алмады. Бюджеттің ақшасы, қандай жұмыс істеліп жатқаны туралы бірде-біріне жауап бере алмады, дейді Берденов. 

Руслан Берденов Ернар Жиембаймен бірнеше рет кездескенін айтты. 

- Екі кездесуде де ол қайын ағасы Нағашыбекпен ақылдасып отырды. Себебі ол мені таниды. Астанада жүргенімде Нағашыбек менің құмар ойыны, есірткіге байланысты бастамаларымды қолдап, медиада жариялап отырды. Ернар Нағашыбекке хабарласып біздің бірінші кездесуіміз дұрыс өтпеді деп айтқан. Ал екінші кездесу жақсы өтті деп айтқан. Киім үлгісіне қатысты: мен кірген кезде “этикет сақтамайсыңдар ма?” деп сұрадым. Себебі  джинсы мен ақ футболкамен келіп отырды. Бір ескерту жасадым, дейді Руслан Берденов. 

Ернар Жиембай да, әкесі де сотта Руслан Берденовтен кешірім сұрады.

КОНТЕКСТ

28 шілдеде Шымкенттегі сотта әкімнің орынбасарына, бұрынғы мәжіліс депутаты Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша атышулы сот процесі басталды. Айыпталушы Ернар Жиенбай 6 тамызда өткен сот отырысында оқ ату жеке себептерден туындағанын алға тартты. Оның айтуынша, Руслан Берденов оның жұбайына көңіл білдіріп, жылы сөздер жазылған жеке хабарламалар жіберген.

Бір күні әйелінің телефонына «Сен сұлусың» деген хабарлама келген. Ол хабарламаны Берденов жіберіпті. Кейін Берденов Жиембайдың суретіне лайк қойған.

Бұған қоса, айыпталушының сөзінше, Берденов оған келісім ұсынып, Шымкенттің қазіргі әкімі Ғабит Сыздықбековке қарсы жалған айғақ беруін өтінген.

Серіктес жаңалықтары