×
540.87
632.01
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.87
632.01
6.76

Прокурор Ернар Жиембайды 11 жылға соттауды сұрады

Бүгін, 15:20
Прокурор Ернар Жиембайды 11 жылға соттауды сұрады
Ulysmedia.kz коллажы

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке “қастандық жасады” деп айыталған Ернар Жиембайдың соты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПРОКУРОР НЕ ДЕЙДІ

Прокурор сотталушы Ернар Жиембайды 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Ернар Жиембайға қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған.

Берденовтің қорғау тарапы Ернар Жиембайға тағылған айыппен келіспеді. Олар айыпты ҚК 99-бабының 1-бөлігі емес, 99-баптың 2-бөлігі бойынша іс қозғау керектігін айтты.

Ернар Жиембайдың қорғаушылары оның Берденовке мылтық атуына қызғаныш пен ар-намысына тиюі себеп болғанын айтты. Бұл сот тергеуінде кәулердің жауабымен толық дәлелденді дейді.

Жиембайдың қорғау тарапы, тергеу болжам негізінде жүргізіліп, айып тағылғанын айтты. Ернар Жиембайдың әрекетін ҚК 106-бабының 1-бөлігімен саралап, бас бостандығынан айырмау жазасын тағайындуды, оны 63-бап бойынша шартты жазаға ауыстыруды сұрады.

КОНТЕКСТ

28 шілдеде Шымкенттегі сотта әкімнің орынбасарына, бұрынғы мәжіліс депутаты Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша атышулы сот процесі басталды. Айыпталушы Ернар Жиенбай 6 тамызда өткен сот отырысында оқ ату жеке себептерден туындағанын алға тартты. Оның айтуынша, Руслан Берденов оның жұбайына көңіл білдіріп, жылы сөздер жазылған жеке хабарламалар жіберген.

Бір күні әйелінің телефонына «Сен сұлусың» деген хабарлама келген. Ол хабарламаны Берденов жіберіпті. Кейін Берденов Жиембайдың суретіне лайк қойған.

Бұған қоса, айыпталушының сөзінше, Берденов оған келісім ұсынып, Шымкенттің қазіргі әкімі Ғабит Сыздықбековке қарсы жалған айғақ беруін өтінген.

Серіктес жаңалықтары