×
540.87
632.01
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.87
632.01
6.76

Қауіп төніп тұр: Венгрия Украинаға ауыр айып тақты

Бүгін, 15:42
Қауіп төніп тұр: Венгрия Украинаға ауыр айып тақты
Pixabay.com

Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто Украина Венгрияға баратын мұнай құбырына тағы да шабуыл жасап, жеткізуді тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, Ресей энергетика вице-министрі Павел Сорокин мамандар мұнай құбырының жұмыс істеуі үшін қажет трансформаторлық станцияны қалпына келтірумен айналысып жатқанын хабарлаған.

- Бірақ жеткізу қашан қайта басталатынын айта алмай отыр. Соңғы 3,5 жыл бойы Брюссель мен Киев Венгрияны Украинадағы соғысқа тартуға тырысып келеді. Украинаның біздің энергожүйемізге жасайтын бұл қайталанатын шабуылдарының мақсаты да сол. Мен нақты айтқым келеді: бұл біздің соғысымыз емес. Біз оған ешқандай қатысымыз жоқ, әрі билікте тұрғанымызда Венгрия әрқашан шетте қалады. Соңында украиналық басшыларға еске салғым келеді: Венгриядан берілетін электр қуаты сіздердің елдеріңізді энергиямен қамтамасыз етуде аса маңызды рөл атқарады, – деді Сийярто.

КОНТЕКСТ

Венгрия бұған дейін де Украина «Дружба» мұнай құбырына соққы жасағанын мәлімдеген болатын. 2025 жылғы наурызда Орёл облысындағы нысанға дрондар шабуылдап, транзит уақытша тоқтап қалған. Ұқсас жағдай тамыз айында Брянск облысында қайталанып, Будапешттің наразылығын туғызды. Бұдан бөлек, 2024 жылдан бері Венгрия мен Словакия Украинамен бұл бағыттағы мұнай жеткізілімдеріне кедергі келтіретін шектеулер мен санкциялар жөнінде жиі қақтығысып келеді. Венгр билігі мұндай әрекеттерді өздерінің энергетикалық қауіпсіздігіне қатер және егемендік құқықтарының бұзылуы деп санайды.

Серіктес жаңалықтары