×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қытай Орталық Азия студенттеріне үкіметтік стипендиядан 1200 квота бөлмек

25.01.2022, 13:58
Қытай Орталық Азия студенттеріне үкіметтік стипендиядан 1200 квота бөлмек
Фото: Ашық дереккөзден

Дәл қазір онлайн форматта президенттердің қатысуымен «Орталық Азия – ҚХР» саммиті өтіп жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қытай төрағасы Син Цзиньпин онлайн жиында Қытай тарапы Орталық Азия мемлекеттерінің студенттері үшін үкіметтік стипендия ретінде 1200 квота бөлуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар Қытай басшысы көршілес елдерде жаңа институттар мен Конфуций орталықтарын ашуға дайын екенін білдірді.

Син Цзиньпин сонымен бірге қысқа Олимипиада ойындарында Орталық Азия елдерінің спортшыларына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысуда. Саммитке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон бейнеконференция режимінде қатысып отыр.