×
540.87
632.01
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.87
632.01
6.76

Алдағы күндері ауа райы салқындай бастайды

Бүгін, 19:00
Алдағы күндері ауа райы салқындай бастайды
Фото: pixabay.com

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

АУА РАЙЫ

Алдағы күндері Қазақстан Республикасының метеорологиялық жағдайына батыс аймақтардан шығысқа қарай жылжып келе жатқан солтүстік-батыс циклон әсер етуді жалғастырады. Ол ауыспалы бұлтты, найзағайлы жаңбырлы ауа райын қалыптастырады, күндізгі сағаттарда бұршақ пен екпінді желдің күшеюі ықтимал.

ЖАҢБЫР

19 тамызда батыста және шығыста, 20–21 тамызда солтүстік-батыста, ал 21 тамызда еліміздің солтүстігінде жаңбыр жаууы мүмкін. Ал оңтүстік өңірлерде антициклонның ықпалымен негізінен құрғақ әрі ашық ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.

ТЕМПЕРАТУРА

Ауа температурасы солтүстік өңірлерде төмендейді: түнде +10…+17 °C, күндіз +17…+25 °C болады. Шығыста түнгі температура +5…+15 °C шамасында, күндіз аздап көтеріліп, +22…+29 °C дейін жетеді. Қалған аймақтарда ауа температурасының айтарлықтай өзгеріс болмайды. 

Серіктес жаңалықтары