Әлеуметтік желіде Астана маңында құлаған ұшақтың видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұшақтың құлағанын видеоға түсірген адам Родина ауылына қарай бара жатқан. Ол негізі ұшақты емес, аспанды видеоға түсіргісі келген. Сол сәтте ұшақ құлаған.
«Мен қорқып кеттім. Өзімді жаман сезіндім», – деп жазды ол.
17 тамызда Астанадан 55 шақырым жерде ұшақ құлап, апатқа ұшыраған. Бортта болған екі адам қаза болған. Оның бірі – пилот, екіншісі – жолаушы. Полиция ҚК 344-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғаған.