×
540
630.72
6.72
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540
630.72
6.72

Ресей үшін соғысқан қазақстандық азаматтығын ауыстырды

Бүгін, 17:00
Ресей үшін соғысқан қазақстандық азаматтығын ауыстырды
Видео кадры

Ресейдің Қорған қаласында 25 жастағы Қазақстан тумасына РФ азаматының паспорты табысталды. Ол құжатты жеңілдетілген тәртіп бойынша алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Ішкі істер басқармасының мәліметінше, ер адам Ресей азаматтығына апарар жолын 2021 жылы ықтиярхат алудан бастаған. 2023 жылы ол бір жылдық әскери қызмет келісімшартына қол қойып, Ресейдің "СВО" деп атайтын әскери операциясына қатысқан.

– Келісім мерзімі аяқталған соң, 2025 жылдың сәуірінде запасқа шығарылды. Ал тамыз айында бұрынғы әскери қызметші Ресей Федерациясы азаматының антын қабылдады, – делінген Қорған облысы ІІМ хабарламасында.

Контекст

Азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен алу тетігін Владимир Путин бекіткен. Оның жарлығы әскери қызметшілерге ғана емес, олардың жұбайына, балаларына және ата-анасына да ресейлік паспорт алуға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы заң

Айта кетейік, Қазақстан заңнамасы бойынша жалдамалылық қылмыс болып саналады.

Өзге ел аумағындағы соғыс қимылдарына қатысқан азаматтар (егер жалдамалылық белгілері болмаса) 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Ал жалдамалылық үшін 7 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен бірге азаматтықтан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы да тағайындалуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары