×
538.57
629.48
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.57
629.48
6.71

Ернар Жиембай 9 жылға сотталды

Бүгін, 12:05
Ернар Жиембай 9 жылға сотталды
Ulysmedia.kz коллажы

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке “қастандық жасады” деп айыпталған Ернар Жиембайдың сотында үкім оқылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТ ҮКІМІ

Жиембай сот үкімімен 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның қамаудағы бір күні бір жарым күнге есептелді.

Сот “Жиембайдың сот тергеуінде  кінәсі куәлердің жауабымен, заттай дәлелдемелермен толықтай дәлелденді” деді.

КОНТЕКСТ

28 шілдеде Шымкенттегі сотта әкімнің орынбасарына, бұрынғы мәжіліс депутаты Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша атышулы сот процесі басталды. Айыпталушы Ернар Жиембай 6 тамызда өткен сот отырысында оқ ату жеке себептерден туындағанын алға тартты. Оның айтуынша, Руслан Берденов оның жұбайына көңіл білдіріп, жылы сөздер жазылған жеке хабарламалар жіберген.

Бір күні әйелінің телефонына «Сен сұлусың» деген хабарлама келген. Ол хабарламаны Берденов жіберіпті. Кейін Берденов Жиембайдың әйелінің суретіне лайк қойған.

Бұған қоса, айыпталушының сөзінше, Берденов оған келісім ұсынып, Шымкенттің қазіргі әкімі Ғабит Сыздықбековке қарсы жалған айғақ беруін өтінген.

Серіктес жаңалықтары