Ернар Жиембайдың әкесі сот үкімі шыққаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ернар Жиембайдың әкесі бұған дейін іске қатысты ешқандай пікір білдірмегенін атап өтті.
- Біз сұраған бап бойынша жазасын бермеді. Менің айтарым, Берденов әкімнің орынбасары болмай тұрып бес күн бұрын Ұлысмедиаға берген сұхбатында “аудандағы әкімдер дұрыс шешім шығара алмайды” деген болатын. Сонда жүргізуші “сіз шешімді қалай шығарасыз?” деп сұрап еді “мен шешімді тез шығарамын” деді. Мұны не үшін айтып отырмын? Ол кісі келе салып дұрыс шешім қабылдадым деп отыр. Дұрыс шешім қабылдамады ол кісі. Шекарасынан өтіп кетті. Менің келінім өсіп, өнген жердің қызы. Соған лайк басып, тағы да басқа әрекеттері бар. Жала жапты деп ойламаңыздар. Ол болған нәрсе. Саяси лауазым иесі, “сен” деп сөйлейді. “Шашың түсіп қалған, үстіңде не киім?” деп сөйлейді, – дейді сотталушының әкесі.
Сонымен қатар, ол қаржы жымқыруға қатысты пікір білдірді.
- 3,5 млрд қаржы жымқырған дейді. Ол тұрғын үйлердің шатырын істейтін мекеме. Ақпараттың бәрін Берденовтің жағына бұрып, 3,5 млрд қаржы жымқырылды деді. Ақ-қарасына жетпей, небір қаралау жүрді, – дейді сотталушының әкесі.
“ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЕСКЕРІЛМЕДІ”
Соттулашының әкесі кейбір дәлелдемелер ескерілмеді дейді.
- Келініміздің жан дүниесін қинамайық деп балама келін туралы айтпашы дедім. Көп нәрсе айтылмай, тек лайк басумен шектелдік. Одан арғысын айта алмаймын. Одан кейін сот барысында дәлелденген фактілер ақпарат құралдарында айтылмады. Тергеу бір жақты өтті. Тергеу кезінде Берденовтің костюмі, майкасы болмады. Мен арыз жахғаннан кейін 45 күннен соң ғана алып келді. Оныі костюмі ме, басқа адамның киімі ме білмейміз, – дейді ол.
ЕРНАР ЖИЕМБАЙ ҮКІММЕН КЕЛІСПЕДІ
Еске салайық, бұған дейін Ернар Жиембай да сот үкіміне пікір білдіріп, шешіммен келіспейтінін айтқан болатын.
СОТ ҮКІМІ
Бүгін сот үкімімен Ернар Жиембай 9 жылға сотталды.