E-Qazyna электронды платформасында қайтарылған активтерді сату бойынша онлайн-аукцион өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Аукцион нәтижесінде жалпы құны 1,8 млн теңге болатын төрт зергерлік бұйым сатылды. Сауда ашық форматта жүргізіліп, бұл қатысушыларға тең қолжетімділік пен ашықтықты қамтамасыз етті. Ережеге сәйкес, аукцион аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жеңімпаз бен сатушы сатып алу-сату шартын жасасады. Ал мүлік тек толық төлем жасалған соң ғана беріледі.
Түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға жіберіледі.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін 15 тамызда электрондық E-Qazyna платформасы арқылы Кәрім Мәсімовтің үйінен тәркіленген қымбат заттар сатылған болатын.