×
538.33
626.99
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.33
626.99
6.71

Израиль Палестина мемлекеті идеясын жоққа шығаратын жобаны қолдады

Бүгін, 08:28
Израиль Палестина мемлекеті идеясын жоққа шығаратын жобаны қолдады
Фото: Hatem Moussa / AP

Израиль үкіметі Иерусалим мен Маале-Адумим қонысының арасындағы Е1 аймағында құрылыс жүргізуді түпкілікті мақұлдады. Сарапшылар мен құқық қорғау ұйымдарының пікірінше, бұл шешім Палестина мемлекетінің құрылу мүмкіндігін жояды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жоба алғаш рет жиырма жылдан астам уақыт бұрын ұсынылғанымен, АҚШ-тың қысымынан кейін тоқтатылып келген. Енді оны палестиналықтарға қатысты қатаң көзқарасымен танымал қаржы министрі Бецалель Смотрич қайта қолға алып отыр. Оның айтуынша, құрылыс – Палестина мемлекетін мойындауды талқылап жатқан Батыс елдеріне жауап болмақ.

— Палестина мемлекеті ұрандармен емес, әрекеттермен жойылады. Әрбір қоныс, әрбір аудан, әрбір тұрғын үй – бұл қауіпті идеяның табытына қағылған тағы бір шеге, — деді Смотрич.

Бастама аясында шамамен 3500 пәтер салу жоспарланған. Бұл Маале-Адумим қонысын айтарлықтай кеңейтеді. Егер процесс жылдам жүрсе, инфрақұрылымдық жұмыстар алдағы айларда басталып, тұрғын үй құрылысы бір жылдың ішінде қолға алынуы мүмкін.

Е1 аймағы стратегиялық маңызға ие: ол Батыс жағалауды солтүстік және оңтүстік бөліктерге бөледі. Жоба жүзеге асса, арасы небәрі 22 шақырым болатын Рамалла мен Вифлеем арасындағы жол одан әрі қиындайды. Қазірдің өзінде палестиналықтар бақылау-өткізу бекеттерін айналып өтуге мәжбүр, бұл жолға кететін уақытты едәуір ұзартады.

Серіктес жаңалықтары